Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 109 орын жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/zarinadiyas/

Зарина кеше Түркияда аяқталған Kayseri ITF W50 турнирінде топ жарды. Отандасымыз финалда беларусь қызы Алена Фалейді 2:1 (0:6, 6:4, 6:3) есебімен жеңді. Осылайша, екіжылдық үзілістен кейінгі бірінші трофейіне қол жеткізді. 

Түркиядағы жеңісінен кейін Зарина WTA рейтингінде 109 саты жоғарылады. 

Әйелдер арасындағы жаңарған рейтингте көшбасшы ауысты. Ига Швентек енді бірінші ракетка емес. Беларусь қызы Арина Соболенко бірінші орынға шықты. 

Қазақстандық Елена Рыбакина өз орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 3 саты жоғарылып, үздік 30 теннисші қатарына қосылды. 

1 (2). Арина Соболенко (Беларусь) - 9706 ұпай
2 (1). Ига Швёнтек (Польша) - 9665.
3 (3). Кори Гауфф (АҚШ) - 5963.
4 (4). Джессика Пегула (АҚШ) - 5785.
5 (5). Елена Рыбакина (Қазақстан) - 5471.

29 (+3). Юлия Путинцева
311 (+3). Жібек Құламбаева
379 (+109). Зарина Дияс
650 (+3). Соня Жиенбаева
870 (+7). Анна Данилина
888 (+34). Сандуғаш Кенжебаева

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама