Nomad Stunts командасының 34 жастағы мүшесі Қасым Жұмағожин белгісіз себеппен қайтыс болды. Оның дүниеден қайтқаны жайлы ақпарат 3 қараша күні таралды. Қасымның командаласы, Nomad Stunts тобының менеджері Евгения Ли марқұмның жақын туыстарына көңіл айтты. Біз үшін бұл тосын жай болды. Бүгін таңертең жайсыз хабар естідік. Бірінші кезекте Қасымның жақындарына көңіл айтамыз. Ертең оның командадағы серіктестері отбасына барып, қажетті көмек көрсететін болады, - дедіЕвгения Ли. Қасым Жұмағожин спорттық гимнастикадан спорт шебері. Ол Ижевск қаласында өткен Цирк өнері Халықаралық байқауында Алтын аю сыйлығын ұтып алған. Отандық кинотуындылардан бөлек, бірнеше голливудтық фильмде өнер көрсеткен Қасым Жұмағожин еңбек жолын 2005 жылы түсірілген Көшпенділер фильмінен бастаған. Түсірілім кезінде керемет өнер көрсеткен каскадер Тимур Бекмамбетовтың Дневной дозор фильміне шақырылып, кейін түрлі жанрлардағы голливудтық үздік фильмдерде ойнай бастады. Назарларыңызға Қасым Жұмағожин түскен фильмдердің тізімін ұсынамыз. Махамбеттің қылышы (2006), режиссер Сламбек Тәуекел (Қазақстан); Волкодав из рода Серых псов (2006), режиссер Николай Лебедев (Ресей); Код апокалипсиса (2007), режиссер Вадим Шмелев (Ресей); Рэкетир (2007), режиссер Ақан Сатаев (Қазақстан); Мұстафа Шоқай (2008), режиссер Сатыбалды Нарымбетов (Қазақстан); Қош бол, Гүлсары! (2008), режиссер Ардақ Әмірқұлов (Қазақстан); Секер (2009), режиссер Сәбит Құрманбеков (Қазақстан); Байқоңыр (2011), режиссер Файт Хелмер (Ресей, Германия, Қазақстан); Конан - Варвар (2011), режиссер Маркус Ниспел (АҚШ); Семь майских дней (2011), режиссер Ермек Турсунов (Қазақстан, Ресей); Вендетта по-русски (2011), сериал, режиссер Олег Туранский (Ресей); Жаужүрек мың бала (2012), режиссер Ақан Сатаев (Қазақстан); Неудержимые-2 (2012), режиссер Саймон Уэст (АҚШ); Джокер (2013), режиссер Талгад Жаныбеков (Қазақстан); 47 ронинов (2013),режиссер Карл Ринш (АҚШ); Ограбление по-казахски (2014), режиссер Кайыржан Орынбеков(Қазақстан); Марко Поло (2014), сериал,1-ші маусым, режиссерлары Дэвид Петрарка,Джон Мэйбери,Даниэль Минахан (АҚШ); Весь мир у наших ног (2015), режиссер Саламат Мұхаммед-Әли(Қазақстан, АҚШ); Анаға апарар жол (2016),режиссер Ақан Сатаев(Қазақстан); Викинг (2016),режиссер Андрей Кравчук (Ресей); Коловрат (2017),режиссер Иван Шурховецкий(Ресей); Тобыл (2018), режиссер Игорь Зайцев (Ресей); Балуан Шолақ (2018), режиссер Нұргелді Сәдіғұлов (Қазақстан).