Қазақстандық танымал балуан басшылық қызметке тағайындалды
Мақсат Аршабайұлы - грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2017 жылы грек-рим күресінен 75 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанған. Одан бөлек, екі рет күміс, үш рет қола алған. Әскери қызметкерлер арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері және Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы.
Мақсат Аршабайұлын басшылық қызметке Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресінің президенті Дәулет Тұрлыханов тағайындады. Сондай-ақ Қостанай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының атқарушы директоры қызметін Талғат Жиентаев атқарады. Ол да танымал спортшылардың бірі.