Қазақстандық танымал әншілер Универсиада елшілері атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

Универсиада елшілері – өздерінің іс-әрекеттері мен өмірлік жетістіктерімен өзгеге үлгі бола отырып, доданы қолдап, насихаттауға атсалысатын тұлғалар. Осыған дейін Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин мен қола жүлдегер Дариға Шәкімова да Универсиада елшілері атанған болатын.

Универсиаданың басталуына 100 күн қалған арнайы іс-шарада доданың ресми елшілері атанған өнер жұлдыздары ән айтып, жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама