Қазақстандық тағы бір ойыншы Ресей чемпионатында доп тебеді
27 жастағы футболшымәскеулік командада медициналық тексерістен сәтті өтіп, 2024/25 маусымның соңына дейін келісімшартқа отырды. Ол жаңа командасының сапында 20 нөмірлі жейдемен ойнайды.
"Химки" биыл Ресей Премьер-лигасында бақ сынайды. 6-турдан соң үш ұпаймен 15 орында тұр.
Өткен маусымды Исламбек Қуат "Оренбург" командасының сапында өткізген. Бахтиер Зайнутдинов - "Астана" футбол мектебінің түлегі. 2014-2016 жылдар аралығында "Астана" құрамында ойнаған. Артынша "Оқжетпес", "Ақтөбе" және "Қайратта" доп тепті.
Естеріңізде болса, жақында Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов Ресейдің ЦСКА командасына ауысқан болатын. Өткен маусымды "Ростов" командасының сапында өткізген ол биыл Мәскеудің ЦСКА командасында ойнайды.