Қазақстандық таеквондошылар «Argentina Open» турнирінде 4 жүлде жеңіп алды
G-1 дәрежесіндегі беделді жарыста барлық жас мөлшері (кадеттер, жасөспірімдер мен ересектер) бойынша 500-ден астам спортшы қатысты. Екі күнге созылған додада елімізідң намысын 7 спортшы қорғады.
Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Руслан Жапаров жеңіс тұғырынан көрініп, алтыннан алқа тақты. Отандасымыз финалда аргентиналық Мартин Сионы 12:6 есебімен жеңіп шықты. 68 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Қайрат Сарымсақов Марк Лопеске есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтты. Ал қыздар арасынан Фариза Алдоңғарова мен Феруза Ергешова қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, «Argentina Open» турниріне ұлттық құраманы француз маманы Филип Пинер мен Нұрболат Жаңбыров бастап барды.