Қазақстандық спортшының қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартты
Отандасымыз өнер көрсететін Dar Team командасы жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме жасады.
"Асу Алмабаев жақын арада АҚШ-қа ұрысқа дайындалу үшін ұшатынын ресми түрде мәлімдейміз. Бізге белгісіз себептермен Эрцегтің өзі жекпе-жекке шықпайтын болды. Турнирге дейін бір ай болғандықтан, біздің командамыздың жауынгері үшін жаңа қарсылас таңдалады немесе Стив есін жиып, жекпе-жекті қабылдайды", - деп жазды.
Айта кетейік, Асу Алмабаев пен Стив Эрцег арасындағы жекпе-жек 1 наурыз күні UFC Vegas 103 турнирінде өтуі керек болған. Отандасымыз жекпе-жекке Таиландта дайындалды. Ары қарай АҚШ-та жалғастыруды жоспарлап отырған.