Қазақстандық спортшылар қатысатын ақпан айындағы жарыстар

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Ақпанның шымылдығы велокросстан басталды. Шымкентте 1-2 ақпан күндері велокросттан Қазақстан чемпионаты өтті. 

Сондай-ақ, Шымкент шаһары еліміздегі балуандардың да басын қоспақшы. 7-10 ақпан аралығында еркін және грек-рим күресінің шеберлері еліміздің жаңа чемпиондарын анықтайды. 

Бадминтоннан үздік 16 спортшы арасындағы бәсеке Орал қаласында, 13-17 ақпан аралығында ұйымдастырылады. 

Велотректен Қазақстанның қысқы Ашық чемпионатын 18-23 ақпан аралығында Астана қаласы қабылдамақ. 

Триатлоннан еліміздің қысқы біріншілігі 22-24 ақпан күндері елордада өтеді. 

Еліміздің былғары қолғап шеберлері биылғы жылдың алғашқы ресми турниріне қатысады. Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын боксшылар Үндістан мен Венгрияда өтетін халықаралық турнирге қатысады. 

Қазақстан спортшылары бақ сынайтын халықаралық турнирлер тізімі:

Бокстан халықаралық турнир (Үндістан), 4-10 ақпан

 Бокстан халықаралық турнир (Венгрия), 5-10 ақпан

 Ауыр атлетикадан халықаралық чемпионат (Тайланд), 5-11 ақпан

 Семсерлесуден әлем кубогі кезеңі. Шпага, ерлер (Ванкувер, Канада), 7-11 ақпан

 Семсерлесуден әлем кубогі кезеңі. Шпага, әйелдер (Барселона, Испания), 7-11 ақпан

 Дзюдодан Гранд-слэм турнирі (Париж, Франция), 7-11 ақпан

 Каратеден Премьер-лига турнирі (Дубай, БАӘ), 13-18 ақпан

 Көркем гимнастикадан Гран-при турнирі (Мәскеу, Ресей), 14-18 ақпан

 Turkish open G1, таеквондодан халықаралық турнир (Анталия, Түркия), 13-17 ақпан

 Спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі (Мельбурн, Австралия), 17-25 ақпан

 "Egypt Open G2", таеквондодан халықаралық турнир (Хургада, Египет), 17-25 ақпан

 Дзюдодан Гран-при турнирі (Дюссельдорф, Германия), 20-25 ақпан

 Бокстан халықаралық турнир (Иран), 22 ақпан – 2 наурыз

 Велотректен әлем чемпионаты (Варшава, Польша), 25 ақпан – 4 наурыз

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама