Қазақстандық спортшы допинг дауынан толық ақталып шықты
2024 жылғы 25 маусымда халықаралық арбитраждық сот шешім шығарды. Олардың шешімі бойынша World Athletics-тың 2023 жылғы 24 қарашада допинг қолдануы жайлы берген апелляциясын қабылдамады. Осылайша ұлттық құрама спортшысы күдіктен толығымен ақталды.
World Athletics Нора Джерутоны 4 жылға спорттан шеттетуді сұраған еді. Себебі олар спортшы антидопинг ережесін бұзды деп айыптаған болатын. CAS Джерутоның қан құрамынан тыйым салынған зат табылмағанын анықтап, 2020 және 2021 жылғы қан сынамаларындағы өзгерістер антидопинг ережесін бұзған болып саналмайтынын алға тартты.
Нора Джеруто 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіл атлетикадан алғаш рет алтын алған қазақстандық спортшы болды. Ол 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде бірінші келген еді. Кейіннен сот процесі басталып, оған қоса аяғы ауыр болуына байланысты жарыстарға қатысқан жоқ.
2024 жылы жарыстарда бақ сынап, олимпиадалық нормативті орындап шықты. Нәтижесінде Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.