Қазақстандық спортшы джиу-житсудан әлемнің вице-чемпионы атанды
"Екі жекпе-жекте жеңіске жеттім, біріншісін 5:0 есебімен, ал екіншісін "гильотиной" қылқындыру әдісімен. Финалда алаң иесіне кездейсоқ жағдайда ұпай санымен жеңісті беріп қойдым. Сонымен қоса жұмыстан кеше ғана келдім, бұл жердің уақытына үйреніп үлгермедім, біздің елмен бұл жақтың айырмашылығы 13 сағат. Негізінде, жақсы көрсеткіш. Қатты қуанып тұрмын деуге келмес, бірақ көңілсізбін деп те айта алмаймын. Әлем чемпионатының медалі деген әлем чемпионатының медалі ғой", - деп жазды Айдар Махметов.
Спотшы соңғы кездері жұұмысының көп болып кеткенін және жаттығу кезінде жарақат алып қалғанын жазады: бір апта бұрын мойындағы бұлшық еттерін ауыртып алған және сол қолын сәл болмағанда сындырып ала жаздаған.