Қазақстандық шаңғышылар Алексей Полторанин мен Анна Шевченко Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында классикалық спринттік сайыста ширек финалға шықты. Спринттік кезең қашықтығын қазақстандық шаңғышы 3 минут 14.43 секундта жүріп өтті. Нәтижесінде 13-орынмен ширек финалға шықты. Ерлер арасындағы спринттік жарысқа 80 спортшы қатысты. Әйелдер арасында Анна Шевченко спринттік сайыс қашықтығын 3 минут 23,27 секундта жүріп өтіп, 27-орыннан көрінді. Жарыс жолына барлығы 67 спортшы шыққан. Оның 30-ы ширек финалға жолдама алды. Қазақстандық өзге шаңғышылар Денис Волотка 52-ші, Елена Коломина 55-ші, ал Валерия Тюленева 60-орыннан көрініп, жарысты аяқтады. Әйелдер арасындағы ширек финалдағы спринттік сайыс Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Одан кейін ерлер жарыс жолына шығады.