Қазақстандық шаңғышы Универсиада ойындарындағы бесінші медалін жеңіп алды
15 шақырымдық масс-старт жарысында ресейлік спортшылар Лилия Васильева мен Анна Нечевская алтын және күміс медальды иеленді. Отандасымыз жарыс жеңімпазынан бар болғаны 7.8 секундқа қалып қойды.
Сондай-ақ алғашқы ондыққа Анна Шевченкодан өзге тағы үш бірдей спортшымыз енді. Ольга Мадрика – бесінші, Ангелика Шурыгина – сегізінші, Марина Матросова оныншы орын алды.
Айта кетейік, осыған дейін Анна Шевченко бір алтын бір күміс екі қола медаль жеңіп алған болатын.