Қазақстандық шаңғышы екінші алтын жүлдесін мойнына тағынды
Анастасия Слонова жарыстың бірінші күні спринт сынында жеңімпаз атанған болатын. Одан кейінгі Қазақстан құрамасы қоржынына түскен 4 күміс медальдың екеуін жеңіп алуына септігін тигізді.
15 шақырымға созылған қашықтықтағы жарыста Анастасия Слонова ресейлік Светлана Николаева мен поляк Эвелина Маркестен мәреге ерте келді. Үшеуі жарыс жолы кезінде қалың топты артқа тастап, жүлдеге жеке-дара ұмтылған болатын.
2015 жылғы қысқы Универсиадаға Қазақстан құрамасы сапында 92 спортшы аттанды. Ертең Словакиядағы жарыс бәсекелері аяқталып, Испанияның Гранада қаласында жалғасын табатын болады.
Сурет: tatry2015.sk
Оқи отырыңыз
Қазақстан құрамасы қысқы Универсиадада көш бастады
Қысқы спорт түрлері арықтауға көмектеседі
2015 жылы қысқы спорт түрлерінен өтетін ірі додалар
ХОК бағалау комиссиясы Алматыға ақпан айында келеді