Қазақстандық шаңғышы алтыншы алтынды қоржынға салды
Қазақстандық спортшы бәсекенің финалдық кезеңіне қосымша жолдама («лаки лузер») арқылы шығып, 3:53.60 минут кақыт көрсеткішімен алтын жүлдені жеңіп алды.
Бұл сында екінші және үшінші орындарды ресейлік спортшылар Владимир Фролов (3:54.30) пен Егор Березин (3:54.57) иеленді.
Тау шыңғысынан финалға шыққан екінші қазақстандық спортшы Олжас Климин (3:54.93) - төртінші, ал Александр Малышев (4:20.57) алтыншы орынға жайғасты.
Тау-шаңғы спортынан әйелдер арасындағы жарыста да жерлестеріміз жүлдегерлер қатарынан көрінді. Спринттік сында Анна Стоян қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Универсиаданың төртінші күні қазақстандық спортшылар үшін сәтті өтті. Биатлоннан спринттік сында - Галина Вишневская, фристайлдың могул түрінен Дмитрий Рейхард (ерлер) мен Юлия Галышева (әйелдер) жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте Роман Еремин қола жүлдеге қол жеткізді.