Қазақстандық өнер жұлдыздары әлем чемпионатын жеңіспен жалғады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ allinfo.kz

«В» тобында бақ сынап жатқан қазақстандық команда бірінші ойында Қырғызстан өнер жұлдыздарымен тең ойнаған еді. Бүгін өткен екінші ойында Оңтүстік Корея командасын жеңді. Марат Ісмұратов жаттықтыратын жігіттер қарсыластарының қақпасына 3 гол соқты. Кәрістер бір голмен ғана жауап қатты. «Алатау» командасы сапынан Қазбек Әлқожаев турнирдегі үшінші голын соқса, Амангелді Меңдібаев пен Батыр Байназаров бір-бір голдан еншілеріне жазды. Енді қазақстандық өнер жұлдыздары 11 маусым күні Германиядан келген командамен кездеседі.

Айта кетейік, қазақстандық өнер жұлдыздары өткен жылы да бұл додаға қатысқан болатын. Әлем чемпионаты немесе «Арт-футбол» деп аталатын жарыс – әлемдік деңгейдегі қайырымдылық акциясы негізінде ұйымдастырылып келеді. Әншілер доп теуіп қана қоймай, бос кездерінде түрлі концерттік іс-шаралар да ұйымдастырады. Одан түскен қаражат науқас балаларды емдеуге жұмсалады.   

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама