Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
Онлайн шахмат мектебі әрқайсысы орта есеппен 10 минуттан тұратын 24 бейнесабақтан құралады. Егер бірінші шығарылымда оқушыларды шахмат тақтасымен және фигуралардың қалай жүретіндігімен таныстырса, курс аяқталғаннан кейін оқушылар күрделі тактикалық комбинацияларды жүзеге асыруды және эндшпиль позицияларын ойнауды үйренеді.
- Қазақстанда бұл бастаманың баламасы жоқ, бұл жүйе бойынша тек балалар ғана емес, ересектер де тегін оқи алады. Бұл ресурс адамдардың интеллектуалдық дамуына септігін тигізеді деп сенемін, — деп есептейді халықаралық гроссмейстер және тәжірибелі жаттықтырушы Рустам Хуснутдинов.
Онлайн мектепті құрушылар жоспарлап отырғандай, оқу аяқталғаннан кейін әрбір оқушы позицияны дұрыс бағалап, талдай алады, оның нюанстарына сүйене отырып, стратегиялық шешімдер қабылдай алады, тіпті өмірлік қиын жағдайларда да шешім таба алатын болады.
— Мемлекеттік тілдегі алғашқы сабақты біз YouTube-те #ДругойТы арнасында жарияладық, мына сілтеме бойынша көруге болады. Содан кейін бейнесабақтар орыс тілінде пайда болады. Біз оларды апта сайын жариялаймыз, сондықтан кез-келген адам бәрін жақсы үйренуге және жаттығуға мүмкіндік алады. Сабақтарды Instagram парақшамда да қосымша орналастырамын, — деді Гүлмира Дәулетова.
Бейнесабақтар #ДругойТы мультиспортты арна құрылған және Академик Шахмардан Есенов ғылыми-білім беру қорының "Мектептегі шахмат" республикалық бағдарламасының онлайн нұсқасы болып саналады. Онлайн мектеп жоба аясында шығарылған әдістемелік құралдарды, оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін толықтырады.
Г. Дәулетова – әдістемелік құралдардың авторы. Бұған дейін оларды Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде пайдалану үшін ұсынған болатын. Олар бойынша республиканың 205 мектебінің 15 мыңнан астам оқушысы білім алуда.