Қазақстандық могулшылар Мальдив аралдарына жолдама алды
Аталған сайттың тілшілері Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында фристайлдың могул сынында жетінші орын алған Юлия Галышевадан алған сұхбатында спортшыларға демалысқа жолдама берілгені айтылды.
- Жолдаманың алғашқы қадамдары жасалып, қаржылай аздап төленіп те қойды. Сәуір айында командамен Мальдив аралдарына демалуға барамыз, – деді спортшы.
Сочи қысқы ойындарында қазақстандық могулшылар сәтті өнер көрсетті. Ерлер арасында Дмитрий Рейхард бесінші орын алса, Юлия Галышева жетінші сатыдан көрінді. Ал 17 жастағы Павел Колмаков 10-шы орынды місе тұтқан-ды.
Естеріңізге сала кетсек, Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен иеленген қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 26-шы орыннан көрінген болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com