Қазақстандық маман әлемдегі ең үздік жаттықтырушы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ worldtaekwondo.org

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы жылдың үздік бапкері марапатын Гонконгте табыстады. Бұл туралы спорт менеджері Берік Сұлтан әлеуметтік желіге жазды.

"Сүйінші жаңалық, ағайындар. Есбол Сұлтанов ағам таеквондадан әлем бойынша жылдың үздік бапкері болды! Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы бүгін марапаттады! Қазақ ұлтының ұландары жарқырап жүре берсін", - деп жазды Берік Сұлтан.

Тунис құрамасы Париж Олимпиадасында таеквондодан бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды. Бұл жетістік жолында Есболдың еңбегі ерекше бағаланып, жұрт назарын аударды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиадаға қатысқан спортшылармен кездесуде қазақстандық маманның да жетістігін ерекше атап өткен болатын. 

Есбол Сұлтанов жуық арада Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы да мүмкін. Бұл нұсқаны Федерация мен ҰОК басшысы қолдап отырған көрінеді. Құжатты енді Туризм және спорт министрлігі қарастырып жатыр.

Есбол Сұлтановтың өзі спортшы ретінде 2006 жылы Азия ойындарына және 2007 жылы әлем чемпионатына қатысқан.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама