Қазақстандық клубтардың Еуропа лигасындағы қарсыластары белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ uefa.com

Алматының "Қайрат" футбол клубы Еуропа лигасының бірінші кезеңінде Литваның "Атлантас" командасымен кездесетін болды. Командалар арасындағы бірінші ойын 28 маусым күні Алматыда, 6 шілде күні Клапейд қаласында өтеді.

Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубына Боснияның "Широки Бриег" командасы қарсылас атанды. Бірінші ойын – Шымкентте, қарымта кездесу 6 шілде күні Боснияда өтеді.

"Широки Бриег" командасы қазақстандық жанкүйерлер үшін таңсық емес. 2013 жылы Еуропа лигасында Павлодардың "Ертіс" командасына қарсылас атанған."Ертіс" өз алаңында 3:2 есебімен ұтып, қарымта кездесуде 2:0 есебімен жол беріп алған болатын.

Биылғы маусымда "Ертіске" Болгарияның "Дунав" командасы қарсылас болды. "Ертіс" те бірінші ойынды өз алаңында өткізеді. 

"Қайрат" екінші кезеңге өтсе, "Скендербеу" (Албания) - "Сан-Хулиа" (Андорра) командаларының жеңімпазымен кездеседі. "Ордабасы" - "Широки Бриег" командаларының жеңімпазына екінші кезеңде Шотландияның "Абердин" командасы қарсылас атанады. Ал "Ертіс" "Дунавтан" (Болгария) басым түссе, "Црвена Звезда" (Сербия) - "Флориана" (Мальта) командаларының үздігімен кездеседі.

Айта кетейік, осыған дейін Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Астанаға" Латвияның "Спартак Юрмала" командасы қарсылас атанған еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама