Қазақстандық “классик“ балуан әлемдік рейтинг көшін бастады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ UWW

Ержет Тирана (Албания) қаласында олимпиадаға кірмейтін салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсеткеннен кейін тізімде жоғары көтеріліп, көшбасшы болды.

Чемпионатта Ержет 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығып, әзербайжандық Нихат Маммадалиға есе жіберген еді. Дейтұрғанмен Ержет Жарылқасынның қоржынында 47 000 ұпай бар. Маммадали 45 000 ұпаймен екінші орынға орналасса, үшінші орынға 31 000 ұпаймен армян Карен Асланян табан тіреді.

Айта кетейік, Тиранадағы әлем чемпионатынан кейін Жәмила Бақбергенова өз салмағында 4-орыннан 2-орынға көтерілген еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама