Қазақстандық киберспортшы жаңа командасымен топ жарды

Massaget Корреспондент
Фото ©️ htlv.org

ELEAGUE CS:GO Invitational 2019 жарысында төрт команда бақ сынады. Атлантадағы ELEAGUE Arena алаңында өткен алғашқы турда "FaZe Clan" "Cloud9" командасына есе жіберген. Дегенмен "FaZe Clan" төменгі себетте "compLexity Gaming" және "BIG" командаларын жеңіп ақтық сынға жолдама алды. Финалдық кездесуде қазақстандық ойыншының командасы америкалық "Cloud9" ұжымын 2:1 есебімен жеңіп, 80 мың АҚШ долларын иеленді.

Жүлде қоры:

1. FaZe Clan — $80 мың доллар.

2. Cloud9 — $40 мың.

3. BIG — $20 мың.

4. compLexity Gaming — $10 мың.

Дәурен "AdreN" Қыстаубаев "FaZe Clan" командасына осы жылдың басында қосылған. Қазақстандық киберспортшы 3 наурыз күні өтетін Intel Extreme Masters Season XIII — Katowice Major 2019 аяқталғанша солтүстік америкалық ұжымның сапында өнер көрсетеді.

"AdreN" жанкүйер қауымға "Gambit Esports" командасының сапында жүргенде танылды. "Gambit Esports" ұжымымен Польшаның Краков қаласында өткен "PGL Major Krakow 2017" әлем біріншілігінде күтпеген жерден CS:GO ойынынан чемпион атанды. Сонымен қатар, "Virtus.pro", "Astana Dragons", "HellRaisers", "dAT Team" және "HS.GG" сияқты командалардың сапында өнер көрсеткен.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама