Қазақстандық киберспорт командасы халықаралық турнирде топ жарды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ theclutch.com.br

Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойыны бойынша өтетін халықаралық турнирде қазақстандық AVANGAR ұжымынан бөлек FURIA eSports, Sharks Esports, Valiance & Co, INTZ eSports, W7M Gaming, eUnited, Redemption POA командалары бақ сынады.

AVANGAR алғашқы матчында А тобында eUnited және INTZ eSports командаларын артқа тастап, бірінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. Финалдың жолдамасы үшін өткен матчта сербиялық Valiance & Co командасынан 2:1 есебімен басым болды.

Ақтық ойында қазақстандық ұжым жергілікті FURIA eSports командасымен 3 картада (Vertigo (16:2), Inferno (8:16) және Train (16:19)) күш сынасты. AVANGAR Vertigo және Train карталарында жеңіске жетіп, 2:1 есебімен жеңімпаз атанды.

DreamHack Rio de Janeiro 2019 турнирінің жүлде қоры $100 000 құрады.

1. AVANGAR — $50 мың.

2. FURIA eSports — $20 мың.

3. Sharks Esports — $10 мың.

4. Valiance & Co — $10 мың.

5. INTZ eSports — $3 мың.

6. W7M Gaming — $3 мың.

7. eUnited — $2 мың.

8. Redemption POA — $2 мың.

Бұл командада төрт қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев және Бектияр Бақытов. Ал команданың капитаны - ресейлік ойыншы Али Джами.

AVANGAR - 2016 жылы Қазақстанда құрылған бұл ұйымда танымал Counter-Strike:Global Offensive және PlayerUnknown's Battleground ойындарынан сынға түсетін командалар бар. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама