Қазақстандық киберспорт командасы әлем үздіктерінің қатарында

Massaget Корреспондент

HLTV  рейтингінде біздің командамыз 17-орынға жайғасқан. Көш басында даниялық "Astralis" командасы. Екінші сатыға украиналық "Natus Vincere" ұжымы орналасқан. Ал үздік үштікті "mousesports" еуропалық кәсіпқой командасы түйіндеп тұр. 

"Avangar" командасында төрт қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев және Бектияр Бақытов. Ал команданың капитаны - ресейлік ойыншы Али Джами.

Күні кеше "Avangar" CIS Minor Championship — Katowice 2019 турнирінде жеңіске жеткен болатын. Финалда қарсыласы Winstrike Team командасын 2:1 есебімен жеңген "Avangar" 30 мың АҚШ доллары мен IEM — Katowice Major 2019 турнирінің жолдамасын иеленді. Бұл жарыстың жүлде қоры - бір миллион АҚШ долларын құрамақ. 

2016 жылы Қазақстанда құрылған бұл ұйымда танымал Counter-Strike:Global Offensive және PlayerUnknown's Battleground ойындарынан сынға түсетін командалар бар. Бұл ұйымның жігіттері екі ойыннан да жақсы нәтижелерге жетті. CS:GO және PUBG құрамдары онлайн және LAN турнирларында, іріктеу жарыстарында алдыңғы қатарлардан көрініп жүр. 

Алдағы бірер айда Астана қаласында Киберспорт академиясы ашылады деп жоспарланып отыр. Жобаның жұмыс атауы Esports Academy болмақ. Академияда CS:GO тәртібі бойынша дайындық жүргізіліп, шеберлік сағаттары мен 12-20 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жарыстар өткізіледі. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама