Қазақстандық кәсіпқой боксшының қарсыласы белгілі болды
29 жастағы қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 22 қаңтар күні өткізіп, америкалық Джаред Робинсонды үшінші раундта-ақ нокаутпен жеңген болатын. Осыған дейін өткізген он жекпе-жегінде де Бахтияр Эюбов мезгілінен бұрын жеңіске жетіп келеді.
Бахтияр Эюбов пен Самуэль Тих арасындағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Бірінші жартылай орта салмақ (63,5 кг дейін) дәрежесінде өтеді. Америкалық боксшы осыған дейін 9 кездесу өткізіп, 7-де жеңіске жеткен. 1 рет жеңіліс тапса, 1 жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен.
Бахтияр Эюбов пен Самуэль Тих арасындағы жекпе-жекті америкалық беделді телеарна «Show Time» тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Бахтияр Эюбовтың жұдырықтасу мәнері өзгеше. Ол қарсыласын бірінші раундта-ақ ұрып құлатудың жолын іздейді. Осыған дейін отандасымыз спорттық мансабында бір қарсыласын (Жозе Брюйер, 2012 жыл) 9 секундта жеңген. Оның жұдырықтасу мәнерін 1990 жылдары кәсіпқой бокс шаршы алаңында жасындай жарқылдаған америкалық боксшы Джеральд Макклелланға да ұқсатуға болады. Ол да қарсыласын біріншіраундта-ақ жеңіп шығуды басты мақсат тұтатын боксшылардың бірі болатын.