Қазақстандық каратэші қыз әлемдік рейтинг көшін бастады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

🥉Мөлдір жуырда ғана Парижде өткен халықаралық рейтингтік лигада қола медаль еншілеген болатын. Бұл нәтиже оның рейтингте бірінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

1️⃣ Мөлдір Жаңбырбай (Қазақстан) - 5490 ұпай
2️⃣ Иоргелис Салазар (Венесуела) - 5350
3️⃣ Эма Сгарделли (Хорватия) - 3312

Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай - каратэден әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ қызы (2023 жыл). Ол сондай-ақ 2021 жылғы Азия чемпионатының алтын, 2023 жылғы күміс жүлдегері. Ханчжоудағы Азия ойындарында екінші орын алды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама