Қазақстандық каратеші Дархан Асаділов халықаралық Premier League Paris турнирінде топ жарды.Әлемнің ең үздік 50 құрамасының өкілдері қатысқан додада отандасымыз 60 кг-ға дейінгі салмақта үздік шықты Финалда Дархан бразилиялық Дуглас Брозені жеңді. Жарыстың қола жүлдесін өзбекстандық Садриддин Сайматов пен француз Йоанн Лопеш иеленді. Әйелдер арасында отандасымыз Сәбина Захарова (55 келі) бесінші орын алды.