Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар 12 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 1-орын алды. Отандастарымыз 7 алтын 4 күміс 1 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде 24 медаль еншілеген Иран құрамасын екінші орында қалдырды. Олар 5 алтын 9 күміс 10 қола медаль иеленген. Үздік үштікті катарлық спортшылар (4 алтын 3 күміс 2 қола) түйіндеді. Жүлде алған қазақстандық спортшылар: Алтын 1. Татьяна Нерознак, 3000 метрге жүгіру;2. Ирина Эктова, үш қарғып секіру;3. Светлана Голендова, 400 метрге жүгіру;4. Әйгерім Шыназбекова, 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру;5. Анастасия Ермакова, сырықпен секіру;6. Никита Филиппов, сырықпен секіру;7. 4х400 метрлік эстафета, әйелдер (Светлана Голендова, Аделина Ахметова, Виктория Зябкина, Элина Михина). Күміс 1.Виктория Зябкина, 60 метрге жүгіру;2. Элина Михина, 400 метрге жүгіру;3. Татьяна Нерознак, 1500 метрге жүгіру;4. 4х400 метрлік эстафета, ерлер (Андрей Соколов, Сергей Зайков, Дмитрий Коблов, Михаил Литвин). Қола 1.Надежда Дубовицкая, сырықпен секіру.