Қазақстандық жеңіл атлет Универсиада чемпионы атанды
Виктория Зябкина 100 метр қашықтықты 11,23 секундта бағындырды. Екінші болып мәре сызығын ямайкалық желаяқ Шимайла Кристал Уильямс кесті. Ол бұл қашықтықты 11,46 секундта жүгіріп өтті. Қола жүлде ресейлік Елена Козловаға (11,47 секунд) бұйырды.
Айта кетейік, Виктория Зябкина Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салып отыр. Осыған дейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин чемпион атанған болатын. Сондай-ақ қазақстандық спортшылардың еншісінде 3 қола жүлде де бар. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 20-шы орында келеді. Жазғы Универсиада 14 шілде күні аяқталады.