Қазақстандық жеңіл атлет 4 жылға спорттан шеттетілді
Спортшының қаңтар айында өткен Қазақстан чемпионатындағы сынамасы сәтсіз шыққан. Әзірге Анастасияның қанынан тыйым салынған қандай дәрілік препараттың табылғаны айтылған жоқ.
Айта кетейік, ол бір ай бұрын 60 метрге бөгеулер арқылы жүгіру бойынша жабық кешендегі Азия чемпионатында алтын медаль иеленген болатын.
2012 жылы ұлттық құрама сапында Лондон Олимпиадасына қатысқан.