Қазақстандық жасөспірімдер Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Командалық жарыста Қазақстан атынан Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов қатысты.

Ширек финалда біздің семсерлесушілер Сауд Арабиясынан 45:36 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата жеңді.

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасы Франциямен кездесті. Семсерлесу барысында ұлттық құрама есе жіберіп жатса да, керемет камбэк жасап, 44:43 есебімен жеңіске жетті.

Қыздар құрамасы төртінші орынға ие болды. Ұлттық құрама сапында Каролина Фомина, Кристина Красикова, Наталья Зинякова және Арина Яковлева өнер көрсетті.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама