Қазақстандық жас зілтеміршілер әлем чемпионатының үздіктері атанды
Қазақстандық спортшылардың үздік шыққаны жарыстың жабылу салтанатында белгілі болды. Көрермен көзайымына айналып, үздік өнер көрсеткен Игорь мен Татьянаға арнайы сыйлықтар тарту етілді.
17 жасқа дейінгі ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Бақыт Ахметов та шәкірттерінің өнеріне көңілі толатынын жеткізді.
- Әрине, әлем чемпионатының нәтижесі төмен емес. Алты спортшымыз да жоғары деңгейде дайындалды. Қазақстан ауыр атлетика мектебінің әлемде абыройы жоғары. Сондықтан да жастарымызға намысты қолдан бермей керек болды. Олар бұл үддеден шыға білді. Алға қойған жоспарды толықтай орындады, - деді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2 алтын 1 күміс 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтаған болатын.
Ауыр атлетикадан келесі әлем чемпионаты 20 жасқа дейінгі жастар арасында жалғасады. Дода Польшаның Вроцлав қаласында өтеді. 25-29 сәуір аралығында Алматыда ел чемпионаты өтеді. Сол жарыста жеңіс тұғырынан көрінген 20 жасқа дейінгі спортшылар ел намысын әлем чемпионатында қорғайтын болады.
Сурет: vk.com
Ұқсас жазба:
Қазақстандық жас зілтеміршілер әлем чемпионатын сәтті аяқтады