Қазақстандық жас таеквондашылар Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті

О Сансызбай Корреспондент

Бахытжан Райбеков жаттықтыратын жас таеквондошылар 2 күміс 5 қола жүлде еншілеп, тәуелсіз Қазақстан тарихында ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. 45 келі салмақта Бірімбай Эльдар мен 55 келіде сынған түскен Анастасия Островская финалға жетіп сүрінді. Нәтижесінде күміс медальды қанағат тұтты. Ал қола жүлдеге 5 бірдей спортшымыз ие болды. Олар: Жолдаспаев Сағдат (51 келі), Шымырбай Сағыныш (55 келі), Қожахмет Нұрқанат (68 келі), Қосмаханбет Ботагөз (48 келі) және де Қайыржанова Мәдина (+68 келі). Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жалпы командалық есепті ерлер арасында төртінші орыннан, ал қыздар арасында алтыншы орыннан көрінді.

Бүгін Тайпей даянгісінде кадеттер бақ сынайтын болады. Аға жаттықтырушы Мырзағали Суранов шәкірттері кем дегенде 1 алтынға, және бірнеше жүлде жеңіп алады деп күтілуде.

Cурет: confederation.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама