Қазақстандық жас шахматшылар Азия чемпионатында 18 медаль жеңіп алды

Нұржамал Үсенова Корреспондент

Тоғыз турдан соң классикалық шахматта бірінші орын алматылық Димаш Тулендиновке бұйырды, күміс медальды қызылордалық Нәзерке Нұрғали жеңіп алды. Атыраулық Зарина Нургалиева, шымкенттік Зейнеп Султанбек және де алматылық Алуа Нурманова мен Ксения Балабаева жарыстың қола жүлдесін еншіледі.

- Жастар керемет ойын көрсетті. Биыл медальдар саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе көптігін белгілеп өтуге болады, - деп балалар мен жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Ануар Исмағамбетов айтып өтті.

Рапид пен блиц турнирлерінің нәтижелері бойынша қазақстандықтар  шахматшылар 8 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль иеленді. Классика турниріндегі  барлық жеңімпаздар өздерінің дәрежелерін FIDE шеберіне үміткерге дейін көтерді.

-  Балалардың Шри-Ланкадағы нәтижелері біздің жастар арасындағы шахматтың көтеріліп келе жатқанын көрсетті, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама