Қазақстандық жас боксшы өзін Мұхаммед Әлиге теңеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Қазақстандық жас боксшы өзін Мұхаммед Әлиге теңеді
Фото ©️ © instagram/boxingkazakhstan

Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Болгарияда өткен Странджа кубогі-2025 турнирінің финалындағы айқасынан үзінді жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

18 жастағы Төрехан кіші әлем чемпионаты аталып кеткен бұл жарыста алтын жеңіп алды. Сонымен қатар, ол бұрын ешбір қазақстандық алып көрмеген Странджа кубогінің үздік боксшысы атағын иеленді. 

"Көбелектей қалықта. Арадай шақ", - деп жазыпты Төрехан атақты Мұхаммед Әлидің сөзін видео жазбасына.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sabyrkhan Torekhan (@sabyrkhantorekhan)

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырханның спортта жұлдызы жанып, бокссүйер қауым мен сарапшы мамандардың ыстық ықыласына бөленіп жүр. Оны болашақта бокстың аңызына айналады деп болжам жасап жатқандар да көп. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!