Қазақстандық жас ауыр атлеттер спорттан шеттетілген жоқ
2015 жылы сәуірде өткен Лимадағы жастар арасындағы әлем чемпионатынан кейін допинг-сынамада қазақстандық ауыр атлеттердің қанынан тыйым салынған заттар табылған болатын. Кейіннен спортта тыйым салынған дәрі емес, биологиялық белсенді қоспа пайдаланғаны анықталған. Нәтижесінде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) тәртіптік кеңесінің шешімімен спортшылар спорттан шеттетілмеген. Қазір таңда зілтеміршілер жаттығуларын жалғастырып, алдағы жарыстарға дайындалуда. Десе де IWF ережелеріне сәйкес медальдарын қайтарып беретін болады.
Айта кетейік, 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатынан кейін қазақстандық Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев пен Ермек Өміртайдың "допинг қолданды деген күдікке ілінгені" мәлім болған еді. IWF спортшыларымызға қатысты ақпаратты жақын уақытта жариялайтын болады.