Қазақстандық жас ауыр атлет әлем чемпионы атанды
Рахат Бекболат өзі бақ сынайтын 102 килоға дейінгі салмақта үздік шықты. Қос жаттығу нәтижесі бойынша 355 килоны (155+200) еңсерді. Екінші орын алған түрік ауыр атлеті Танер Чаглардан 18 кило артық көтерді. Қола жүлдені Ирак елінен келген Аммар Әли (149+185) иеленді.
Қазақстандық спортшы биыл мамырда Ташкентте жастар арасында әлем чемпионы болған. Ол кезде 377 кило (175+202) көтерген еді. Рахатта енді жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем біріншілігінің алтыны бар.