Қазақстандық хоккейші қыздар Гонконгты 19:0 есебімен ұтты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Ізтұрған Алдауев

Александр Мальцев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жарыстағы алғашқы екі ойында Жапония мен Қытай құрамаларына ұтылған болатын. Кейіннен Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен ұтты. Бүгін Гонконг құрамасының қақпасына жауапсыз 19 шайба тоғытты. Нәтижесінде қола жүлдеге қол созып отыр.

25 ақпан күні отандастарымыз Тайланд құрамасына қарсы шешуші ойын өткізетін болады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама