Қазақстандық геймерлер әлем чемпионатына жолдама алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Gambit

Дәурен Қыстаубаев, Рустам Тлепов және Абай Хасенов сынды ойыншылары бар команда іріктеуден сүрінбей өтті. Түрікменстан мен қырғызстандық қарсыластарын 2:0 есебімен екі реттен жеңіп, жалғыз жолдаманы иемденді.

Айта кетейік, қазақстандық К23 командасы 2016 жылы WESG жарысына қатысып, топтық кезеңнен сәтті шыққан болатын. Алайда кейіннен жарыстың қола жүлдегері атанған Ресейдің Virtus Pro командасына жол беріп алған еді. Нәтижесінде 20-орыннан көрінген.

CS:GO ойыны бойынша негізгі әлем чемпионаты 10-16 наурыз аралығында Қытайдың Чунцин қаласында өтеді. Шешуші кезеңге 32 команда қатысады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 890 мың долларды құрайды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама