Қазақстандық футболшы қыз "Зенитте" ойнайды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Fiftywan inc компаниясы баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық футболшы қызға қызығушылық танытқан командалар көп болған. Еуропадан онға жуық клуб ұсыныс айтса, Ресейдің өзінен үш команда қатарларына шақырған. Аида "Зенитті" таңдаған.

Футболшы осыған дейін өзге клубтарда ойнаған секілді, "51"-ші нөмірді таңдаған.

25 жастағы Аида "Зенитке" дейін Пермнің "Звезда-2005" клубында ойнап келген еді. Әйелдер арасында Ресей кубогын жеңіп алған.

Айта кетейік, осы қыста Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан да "Зенитте" қаралымда болған еді. Кейіннен Біріккен Араб Әмірліктерінің "Аль-Айн" клубына ауысқан болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама