Канаданың Тремблан қаласында могулдан әлем кубогының VII кезеңі аяқталды. Қазақстандық фристайлшыларДмитрий РейхардпенЮлия Галышеважүлдегерлер қатарынан көрінді. Ерлер арасындаДмитрий Рейхардқола жүлдеге қол жеткізді. Күміс медаль канадалық Майкл Кингсбериге бұйырса, алтынды жапонИкума Хорисимажеңіп алды. Әйелдер арасындаЮлия Галышевада қола жүлдегер атанды. Бұл жарысқа қазақстандық спортшы жарақаты болса да қатысты. Күміс медаль канадалықАнди Наудегебұйырса, тағы бір канадалықЖюстин Дюфур-Ляпойнтжарыста топ жарды. Қазақстандық спортшылар жақын күндері Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына дайындығын бастайды. Бұл доданың басталуына 19 күн қалды. Могулдан әлем кубогының VII кезеңі, Тремблан, Канада Ерлер 1. Икума Хорисима (Жапония) - 93.882. Майкл Кингсбери (Канада) - 93.273. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан) - 88.44 Әйелдер 1. Жюстин Дюфур-Ляпойнт (Канада) - 87.432. Анди Науде (Канада) - 85.353. Юлия Галышева (Қазақстан) - 84.61