Қазақстандық екі балуан грек-рим күресінен әлем чемпионатының “алтынына“ таласады

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта белдескен Юсуп Ашрапов Украина мен Грузия балуандарын жеңіп, жартылай финалда ресейлік Грайр Огенасяннан 7:5 есебімен басым түсті. Юсуфтың финалдағы қарсыласы - ирандық Ахмадреза Мохсен Нежад. 

Сондай-ақ 82 келідегі Ислам Евлоев та финалда белдеседі. Жартылай финалда Исламның қарсыласы кілемге шыққан жоқ. Ақтық сында қазақстандық балуан Түркия өкілі Альперен Бербермен белдеседі. 

Ал 60 келіде күресетін Оңдасын Хамитов қола медальға таласады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама