Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тунистегі Гран-При турнирінде 2 алтын 3 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Жарыстың екінші күні (сенбі) 73 кг-ға дейінгі салмақтаЖансай Смағұловтоп жарды. Ол алғашқы белдесуінде ресейлікГеоргий Шмаковты, ширек финалда французАкус Бенджаминді, жартылай финалда ирандықМұхамед Мұхамедидіжеңіп шықты. Финалда косоволық дзюдошыАкил Кгожаковтыиппонмен жеңді. 90 кг-ға дейінгі салмақта татамиге шыққан Ислам Бозбаев та қазақ елінің абыройын асырды. Алғашқы белдесуінде тунистік дзюдошыЖобран Анені, ширек финалда словакПетер Зилкаданайласын асырды. Жартылай финалда чех балуаныДэвит Кламмертіжеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші финалда отандасымыз венгриялықТоц Кристиандытаза жеңіспен ұтып, ел қоржынына екінші алтынды салды. Қазақстандық спортшы Гран-При турнирінде екінші рет жеңімпаз атанып отыр. Ислам 2013 жылы Алматыда өткен жарыста жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапындаҒұсман Қырғызбаев(60 кг),Ерлан Серікжанов(66 кг) пенВиктор Демьяненко(-100 кг) қола жүлдегер атанды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасынан кейін екінші орынға Украина құрамасы ие болды. Олар 2 алтын 2 қола медаль еншіледі. Ал жапондар 1 алтын 2 күміс 6 қола медальмен үштікті түйіндеді.