Қазақстандық дзюдошылар "Masters" турниріне қатысады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ IJF

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесінде "Masters" турнирі маңыздылығы жағынан Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатынан кейінгі орында тұр. Себебі  мұнда әлем рейтингінде көш бастаған үздік 16 дзюдошы ғана қатыстырылады. Тиісінше аталмыш жарыста берілетін ұпай сандары да қомақты. Жеңімпаздарға 1800 ұпай, екінші орын алған дзюдошыға 1260 ұпай, үшінші орынға ие болған дзюдошыға әлем рейтингінде 900 ұпайдан қосылады.

Жарыс ережесіне сай әлем рейтингінде үздік 16 спортшы қатарына Қазақстан ұлттық құрамасынан 7 дзюдошы еніп, "Masters" турниріне қатысуға мүмкіндік алды. Айта кетерлігі, Қазақстан әйелдер құрамасынан дзюдошылар бұл жарыста күреспейді.

Назарларыңызға жарысқа қатысатын спортшылар мен олардың әлем рейтінгіндегі орындарын ұсынамыз.

60 кг

Ғұсман Қырғызбаев – 7 орын (3881 ұпай)
Елдос Сметов – 13 (2765)

66 кг

Ерлан Серікжанов – 10 (3200)
Елдос Жұмақанов – 11 (3067)

73 кг

Жансай Смағұлов – 10 (3044)

81 кг

Дидар Хамза – 15 (2446)

90 кг

Ислам Бозбаев – 15 (2718)

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама