Қазақстандық дзюдошыЖансай СмағұловТунисте өтіп жатқан халықаралық Гран-При турнирінде жеңімпаз атанды. Отандасымыз финалда Косово елінің дзюдошысыАкил Кгожаковтыиппонмен жеңді. 73 кг-ға дейінгі салмақта белдесетін Жансай жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды. Ол алғашқы белдесуінде ресейлік Георгий Шмаковты, ширек финалда французАкус Бенджаминді, жартылай финалда ирандықМұхамед Мұхамедидіжеңіп шықты. Финалда косоволық спортшыдан айқын айласын асыра білді. Айта кетейік, Тунистегі Гран-При турнирінің бірінші күніндеҒұсман Қырғызбаев(60 кг) пенЕрлан Серікжанов(66 кг) қола жүлдегер атанған еді.