Бүгін Германияда дзюдодан жастар арасында халықаралық Тюринги кубогы халықаралық жарысы өз мәресіне жетті. Қазақстан жастар құрамасы дзюдошылар додасын 1 қола медальмен аяқтады. +78 келі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз Камила Берліқаш жұбаныш белдесуде неміс қызы Рени Лашты жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясы. Айта кетейік, халықаралық жарысқа әлемнің 16 елінен 500-ден астам жас татами шеберлері қатысты.