Қазақстандық дзюдошы қыз әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
48 келі салмақта белдесетін Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Отандасымыздың еншісінде 3779 ұпай бар.
Ғалия Тынбаева жуырда ғана Хорватияның Загреб қаласында өткен әлемдік Гран-при турнирінде күміс медаль иеленген болатын. Ал мамыр айында Астанада өткен Grand Slam додасында алғаш рет топ жарды.
Айта кетейік, бұл салмақта қазақстандық тағы бір дзюдошымыз Абиба Әбужақынова бар. Ол 4-орында келеді.