Қазақстандық дзюдошы Бекарыс Сәдуақас Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында чемпион атанды. Аса ауыр салмақта бақ сынаған отандасымыз (-100 кг) финалда грузиялық дзюдошы Илья Сулуманидзені жеңді. Бұл - Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы алтын. Бекарыс Сәдуақас финалға дейін ирандық Абольфази Шожей мен венгр Зомбор Веганы ұтты. Қыздар арасында Маргарита Гриценко 78 килограммға дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз финалда неміс спортшысына жол беріп алды. Айта кетейік, 18 қазанға дейін жалғасатын спорттық шараға 206 елден 4000-ға жуық спортшы келген.Қазақстан құрамасы сапында 23 спорт түрінен 58 спортшы бақ сынауда.