Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ IJF

60 келі салмақта бақ сынайтын отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде әзербайжандық Низам Имрановтан басым түсті. Ал оған дейін жұбаныш белдесуде италиялық Винченцо Манферлоттиді таза жеңген еді.

Талғат Орынбасар өзі қатысқан соңғы үш жылдағы әлем чемпионатының үшеуінде де қола жүлдеге қол жеткізді. Бұған дейін ол 2022 жылы жасөспірімдер арасында, 2023 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Аталған салмақ дәрежесінде жапониялық Ямато Фукуда жеңімпаз атанды. Тәжікстандық Лойқ Кудбудинов күміске, Талғат Орынбасар мен өзбекстандық Муродил Муродиллаев қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. 7 қазанға дейін жалғасатын әлем чемпионатына 67 елден 531 жас татами шебері қатысып жатыр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама