"Қазақстандық Джолидің" кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Экспресс К

Америкалық әйгілі әртіс Анджелина Джолиге ұқсағандықтан оны жұрт "қазақстандық Джоли" деп атап кеткен.

Заринаның жекпе-жегі 2 қарашада АҚШ-тың Луизиана штатындағы Рейне қаласында өтеді.

BoxRec мәліметінше, қазақстандық боксшы қыздың қарсыласы - Селина Барриос. 24 жастағы америкалық боксшы қыз әлі жеңілмеген. Екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Бір кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған.

Жеңіл салмақтағы қос боксшы арасындағы жекпе-жек Civic Center аренасында өтеді. Кездесу 4 раундқа жоспарланған.

Зарина Цолоева шаршы алаңға шығатын бокс кешінде қазақстандық Еділ Қожамбердиев те жекпе-жек өткізеді. Осыған дейін кәсіпқой бокста бір жекпе-жек өткізіп жеңіске жеткен отандасымыздың қарсыласы – америкалық Блэйк ЛаКейз (4-3-1, 1 КО).

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама