Қазақстандық делегация ХОК комиссиясы алдында Алматыны таныстырды (видео)
Таныстыру кезеңінің сәтті өткенін қазақстандық спортшылар әлеуметтік желілердегі парақшаларында жазуда. Алматыдан кейін Пекиннен келген делегация да Олимпиада орталықтарын таныстырды. Көп сарапшылар Қазақстанның таныстырылымы сәтті шыққаны туралы айтуда. ХОК өз шешімін Астана уақытымен сағат 15:00-де хабарлайтын болады. Дауыс беру кезеңіне ХОК-тың 85 мүшесі қатысады. 700-ге жуық журналист бақылайды. Оның 64-і – қазақстандық тілшілер. Шараны әлемнің 110 елінің көрермендері тамашалайтын болады. Ал қорытындысын ХОК президенті Томас Бахтың өзі жариялайды.
Астана уақытымен сағат 15:00-де Алматыдағы Абай алаңында тікелей көрсетілім ұйымдастырылады.